Дем [демі] алуы [алысы] ауырлады

lat: Dem [demi] alýy [alysy] aýyrlady.

Тыныс алуы қиындады, ентікті. Тұзды күнде берсең, малдың қан айналымы бұрынғыдан да жиілейді,дем алуы ауырлайды (Шопан серігі). Туберкулезбен ауырған семіз адамның демалыс ыауырлап, терлеп-тепшіп, берекеті қашатын болады (Ш.Көшербаев, Туберкулез). Қыран демі ауырлап, қат-қабат биіктен тасқа құлап түсердей қауіп-қатерде жүрсе қалай болмақ (Д.Әбілев, Арман.). Аурудың демалуы ауырлай бастағанын байқап, қасындағылар оны сыртқа таза ауаға алып шықпақ болды («Жалын»).