lat: Dene shynyqtyrý
Денсаулықты нығайту үшін дене күштерін жетілдіру жолдары, дене шынықтырумен айналысу.
Көп жылдан бері дене шынықтыру ойынымен шұғылданғандықтан ба, әлде Жаннаттан мүлде күдер үзіп, ұзақ жылғы қайғысынан айырылғандықтан ба, не болмаса жазушы деген атқа ие болып (оның алғашқы кітабына жұрт жақсы баға берген), көңілі көтерілейін дегендіктен бе, Дәниел жас әйелге бұрынғысынан анағұрлым сымбатты, көрікті көрінді (І.Есенберлин, Маңғыстау майданы).
Екеуі де жақсы үйірме, – деймін мен,– бокс адамның денсаулығын шынықтыруға керек. Ал әдебиет... Қазыкен ыржия күлді (І.Есенберлин, Алтын құс).
Дене шынықтыру – кәрілікті тұншықтыру (Маржан сөз).