Діни құрылыстар

lat: Dinı qurylystar

Дін жолына арналып салынған, дін парыздарын өтейтін, құдайға құлшылық ететін орындар мешіт, шіркеу, костел, синагога, ғибадатхана, грэкиялар (қажылар мен сопыларға арналған тегін қонақ үйлер), ханакалар, атақты дінбасылар мен әулиелердің, ишандардың, имамдардың ескерткіштері, олардың бейіттері. Құдайға құлшылық ету үшін жасаған діни құрылыстар  бірнеше бөлмелі, көп қабатты, биік мұнаралы, көп күмбезді болып келеді. Ұшар басына әртүрлі діни сенімдегі қауымдар өз белгілерін қояды (жарты ай, крест т. б.) Діни құрылыстарның ішкі төрт (михрабы) мұсылмандарға күнбатыс-құбыла тарапына (Қағба жаққа) қаратылып салынады. Есік, терезелері үлкен, маңдайшалары доға бейнелес арқалы, қабырғалары әсем өрнекті болады. Құрылыс материалына мұнтаздап бояған әртүрлі тас, күйдірген кірпіш, қыш, ағаштар, соқпа балшықтар пайдаланылады. Сан түрлі формада құйылған кірпіштерді "екі басар", "сұқпа", "оймыш қалау", “өріп қалау" тәсілдерімен нақыш-өрнектер жасалады. Діни құрылыстардың ішінде алтарь, михраб, мінбар сияқты діни уағыздар айтылатын арнаулы орындар болады.