Дін

lat: Din

(Арабша дін) Дін терминінің пайда болуы және оныңдін" ұғымының кең ауқымындағы сан қырлылығы исламға дейінгі Араб елі тұрғындарының тіліндегі дін сөзіне байланысты.

Құранда дін термині түрлі мағынада 100-ден аса қолданылады. Ол "сот", тиісінше бағалау" "Ақырет күні" деген сөз айшығы, ұғымында жеке адамның “сенімін", "дінін" және діни қауым өмірінің негізі болып табылатын салт жораның жүйесі ретіндегі діннің мағынасын білдіруі мүмкін. Дін термині исламға да, отқа табынушыларға да, яһудилерге, насраларға да қаратып айтыла береді. Дін терминінің негізгі мәні Аллаға құлшылық етудің міндеттілігі мен оның билігінің шексіздігі туралы айтылған аса маңызды Құран идеясына байланысты. Құранда туыстық қатынасқа тән сипаттан бір-біріне тәуелді таптық қоғамға тән сипатқа өтудің көрінісі айқын көрінеді.

Дін төңірегіндегі Құрани ұғымның сан алуандығы орта ғасырдағы мұсылман теологиясында көптеген сан түрлі түсініктердің туындауына себеп болды. Құранмен салыстырғанда бұл түсіндірулер діни сана мен қоғам алдында тұрған жәрдем мәселелерді басқа бір қырынан қарастырды. Дін термині әдетте үш құраманың жиынтығы ретінде қабылданды.

Жұртшылық арасына кең тараған әл-Бұхаридің хадистерінде мынадай анықтамаға көбірек мән беріледі. Ол бойынша ад-дін дінге деген сенімнің, дінге қатысты қағидаларды орындаудың және дінге шынайы сенуді жетілдірудің жиынтығы. Ад-дін ұғымын түсіндіруде осы үш қағиданы сақтай отырып, ханафиттер соның ішінде дінге сенуді бәрінен жоғары қойса, ашариттік авторлар дін қағидаларын мүлтіксіз орындаудың маңыздылығын атап көрсетеді, ал ханбалиттер, кейінірек Ибн Таймийа шынайы дәстүрдің", яғни Құран мен суннаның мәнін баса көрсетеді.

Бұлардың соңғысы ад-дінді бір-бірімен сабақтас үш сатыда қарастырды. Олар шариғат, аттариқа, әл-хақиқа.

Ад-Дін ұғымының астары оған жақын ұғымдардың орнын айқындау барысында да және оларды қарама-қарсы қойып қарастыруда да ашыла түседі. Ад-Дін әл-Миллә және әл-Мазһаб ұғымдарын салыстыра зерттеген Әли б. Мұхаммедтің (13391413) айтуы бойынша ад-Дін жұрт бағынуға тиіс заң, әл-милла адамдарды біріктіретін заң, әл-мазһаб жұрт ізімен жүруге ұмтылуға тиіс заң.

Жекелеген зерттеушілердің еңбектерінде, сондай-ақ дін тану әдебиеттерінде ад-Дін сөзі әл-ислам терминінің баламасы ретінде жиі қолданылады.