lat: EDEN
зат. 1. Үйдің (ғимараттың) табанына төселген тақтай; төсем.
Еденді сырлап, іргені сылап, қалаған,
Шатырын жауып, орнатып газды жаңадан. Т
ерезе салып, асфальт төсеп аулаға,
Екі-үші жыл бойы сіңірді-ау еңбек сан адам (1,295).
Бала жатыр төсекте албыраған,
Әке жатыр еденде қалжыраған.
Түн күзетіп ана отыр, қос жанары
Шарасыздан шаршаған, жаудыраған (2,173).
2. Үйдің, қораның табаны, жер.
Есіңде ме тар лашық, аласа,
Еденіміз – текемет пен алаша.
Аласа үйде – асқар таудай тамаша,
Аласұрып қуанушы ек балаша (3,209).
Көзімжанның үйі. Тап-таза.
Едені жер дегені болмаса қабырғалары да, төбесі де сары сылақпен мұнтаздай сыланған (4,176).