з а т. к і т. 1. Біреудің не бір нәрсенің екінші біреуге, не бір нәрсеге ететін күшті әсері, тиімділік. Ол көбіне замандастарымыздың ішкі сырына үңіліп, кейіпкердің оқушыға э ф ф е к т беретін сырт қауқарынан гөрі адамгершілік, рухани күшін қастерлейтін жазушы (Уақыт және қаламгер). Ол сырт эффектен бойын аулақ салып, образды, психологиялық жағынан кескіндеуге ұмтылады («Қаз. әдеб.»). 2. Бір нәрсенің әсерінен болатын нәтиже, салдар. Бұл э ф ф е к т қазіргі кезде элементар бөлшектер физикасында зарядты бөлшектердің жылдамдығын өлшеу үшін кең қолданылуда («Білім және еңбек»). Егер капсюльді жұмсақ нанмен толтырса, демонстрация кезінде қатты дауыс шығарып, атылған капсюль жақсы э ф ф е к т береді («Қазақст. мект.»).