ЭФИР МАЙЛАРЫ

lat: EFIR MAILARY

тамақ өнімдерінің хош иісін құрайды. Көптеген тамақ өнімдері үшін олардың мөлшері пайыз бөлігімен анықталады. Тамақ өнімдерінің хош иісі маңызды сапа көрсеткіші болып табылады. Жағымды хош иіс тәбетті ашады және тағамның сіңімділігін жоғарылатады. Хош иісті заттардың жеңіл булануын кейбір тамақ өнімдерін аспаздық өңдегенде және сақтағанда ескеру қажет (татымдықтар, шай, кофе). Тамақ бұзылғанда жағымсыз иістер пайда болады, ол күкіртсутек, аммиак, индол, скатол және т.б. заттардың түзілуіне негізделген.