ЭКРАН

lat: EKRAN

ранц. еcrаn] з а т. 1. Әртүрлі энергия көздері шығаратын сәуленің зиянды әсерінен қорғану үшін оларды кері қайтаратын, жұтатын және өзгертетін, құбылтатын беті бар құрылғы. Радиоаппаратура э к р а н ы. 2. Рентген, диапозитивтер, кино-фото-кескіндерін сәулелендіріп көрсетуге арналған мата немесе арнайы затпен көмкерілген пластмасса, шыныдан жасалған бет. Соңғы кездегі шыққан компьютерлерде э к р а н б а с ы л ы м ы экран көрінісі көшірмесін буферге алу қызметін атқарадыаз. тілі термин. Информатика.). 3. а у ы с. Кино өнері. Гимнастика шеберлерінің өнерін аренадан көрмесек те кино э к р а н ы н а н сан рет тамашалағанымыз бар (М.Дүзенов, Ақәже). 4. Кинофильмдердің көрсетілімі. Кеше э к р а н соны хабар беріпті, Бір суретші албастыны көріпті. Суретін де салып берді айнытпай, Үсті жүн-жүн... маймылдан да көрікті (Ж.Жақыпбаев, Ләйлә). Содан ол Жеңіс мерекесіне дейін құлпырып тұрады. Оның үстіне мамыр айы келгенде көптеген телеарналар өз э к р а н д а р ы н а н осы жұпаргүлдің суретін жиі көрсетеді (“Алматы ақшамы”).