[лат. expansio – кеңейту, тарату] з а т. с а я с и. Бөтен аумақтар мен өндіріс бұйымдарын өткізетін базарларды күшпен басып алу мақсатында басқа мемлекеттерге өзінің саяси және экономикалық үстемдігінің өрісін кеңейте түсуге ұмтылатын империалистік саясат. Ал жаһандану – алпауыт мемлекеттердің ықшам мемлекеттер мен халықтарды “бауырына” тартып, экономикалық және мәдени э к с п а н с и я с ы н ы ң тегеуріні оларды егемендігі мен ұлттық бірегейлігінен айыруды көздеді (“Қаз. әдеб.”). Бұл әркелкілік жаһандасу процестеріне толықтай қатысатын экономикалық дамыған аз ғана елдердің э к с п а н с и я с ы н а н жаһандасу мен ырықтандыру жағдайларында бейімделе алған бірқатар елдердің қауырт, бірақ тұрақты емес өсімге қол жеткізуінен, жаһандасуға қабілеті келмеген елдердің дағдарысқа түсуінен көрінеді (“Егемен Қазақстан”). Осы заманғы араб тарихнамасы отаршылдыққа, американ э к с п а н с и я с ы мен Израиль агрессиясына қарсы бағытталған (ҚСЭ).