[лат. exponatus – көрсетуге қойылған] з а т. Мұразат (жұрт көру үшін көрмеге, мұражайға қойылған зат). Бірақ енді оның бұрынғыдай мәні жоқ, көрмеге қойылған э к с п о н а т тәрізді, көрер көз бен естір құлаққа ғана керек зат (М.Дүзенов, Ант). Дмитрий Поликарпович музейіне э к с п о н а т боларлық жаңа зат тапса, оны соншама бір қуанышпен баян ететін (Ә.Нұршайықов, Менің Қазақст.). Эрмитажда 2 миллион 700 мың экспонат бар… Мұның бәрін көріп шығуға адам өмірінің 11 жылы жұмсалар еді дейді біз қараған кітаптардың бірі (С.Абдрахманов, Елдік сыны).