lat: ELÝ
сан. Қырық тоғыздан кейінгі есептік сан.
Ей, менің сайран мекенім!
Ей, жастық, ердің серті едің.
Лапылдап тұрған өрт едің,
Қаншама жанды жылытып,
Қаншама жанды өртедің?
Арыма, менің аяулым
– Елуге толар ертеңім! (2,235).
Тағдырымызға
Тамаша күнде тап келіп,
Отырмыз, міне,
Елуге жетпей бақ көріп (3,83).