[грек.elektron-янтарь] з а т. 1. ф и з. Материя бөлшектерінің (электрондардың, позитрондардың және протондардың) қозғалысынан пайда болатын қуат күшінің түрі. Егінді э л е к т р соғады, қойды электр қырқады, сиырды электр сауады, ұсталардың көрігін э л е к т р қыздырады (С.Мұқанов, Саяхат.). Осы заманғы талапқа сай жасалған үш және төрт тармақты жақсартылған э л е к т р сүзгілер газдың мөлшері өте көп жағдайда үлкен жылдамдықпен жұмыс істей алады (Т.Қалыбеков. Экология.). Егер электр өткізгішті магнитке жақын жерге қойса, онда өткізгіш бойымен э л е к т р тогі жүре бастайды (Т.Омаров, Күн және табиғи құбылыстар). Э л е к т р энергиясымен жабдықтау, газ бен бу жіберу және ауа баптау саласында өндірілген өнім мен өнеркәсіптік сипаттағы көрсетілген қызметкерлердің көлемі 29346млн. теңге немесе қала бойынша өндіріс көлемінің 21,5 пайызын құрады (“Алматы ақшамы”). 2. Осындай қуат күшінен алынатын жарық. Э л е к т р дегенің ол кезде түске де кірмейді, бөтелкелерге жер май құйып жағамыз (Б.Соқпақбаев, Балалық.). Екі ауылдың адамдары да бес-оннан мал ұстап, ауқатты тұрмыс құрады, үй-үйде э л е к т р орнаған (С.Байжанов, Сыр.). Жайықтың арғы жағында Жағалай жанған э л е к т р. Жарығын құйып бағына, Жайнатып нұрға бөлеп тұр (С.Мәуленов, Таңд. өлеңд.). Тастан-тасқа орғып-қарғып, Көк толқындар өтті алдымнан. Оның күшін қалдым аңдып, Э л е к т р д і ң оттарынан (С.Мәуленов, Алыс кет.). // Электр жарығы сияқты қуатты. Барлығын айт. Бірін де жасырмағын, Есептелсін алтынмен асылдарың. Тұтқанын айт қазақтың қара бұлтты, Э л е к т р боп әлемге шашылғанын. Түн боп батып, таң болып ашылғанын (М.Мақатаев, Шығ.).