[лат. еlementum] з а т. 1. х и м. Химиялық жолмен одан әрі бөлшектеуге келмейтін біртекті қарапайым зат. Торғай өлкесінің жемісі ұшан-теңіз, бұл жерде Менделеев кестесіне түскен э л е м е н т атаулының көбі-ақ табылады (С.Мәуленов, Жер нәрі). Сутегі көміртегі э л е м е н т і м е н бірігіп, табиғаттағы өте күрделі мұнай мен газдардың пайда болуына қатысады (Ж.Жатқанбаев, Су.). 2. к і т. Бір бүтін нәрсені құраушы жеке бөлшегі. Осы сияқты, анықтауыштың кез келген мүшесін алып қарайтын болсақ, онда оның э л е м е н т т е р і н і ң де әртүрлі бағанаға сәйкес келетінін көреміз (Ж.Күлекеев, Сызықтық программалау негіздері). Тілді адамдардың бір-бірімен қатынас құралы ретінде есептеп, оны коммуникативтік жүйесі ретінде шектеу мүлдем дұрыс емес. Себебі, тіл – таным құралы, ұлттық мәдениеттің құрамдас бөлігі, ең маңызды э л е м е н т і (Қазақ әдебиеті). Біз әлі үксізбіз, екеуміз әлі манағы бидің бір э л е м е н т і н орындап келе жатқандаймыз (Қ.Исабаев, Соңғы.). Белгісіз э л е м е н т т е р миымда ойнап, Миым қайнап барады, миым қайнап. Белгісіз ғалымдарға мекен болып, Өз денеме өз басым бұйырмай ма-ақ?! (М.Мақатаев, Шығ.). Жаңа шаһар, Көне кенттің Қайғысы жүр ойымда. Битаныстау э л е м е н т т і ң Біразы бар бойымда (Қ.Мырзалиев, Мәңгі.). 3. қ оғ.-ә л е у м. Әлеуметтік-саяси тап, топ немесе күштердің жеке өкілі. Өндіргіш күштер өндірістің барынша икемді және революцияшыл э л е м е н т і болып табылады (С.Бөйішев, Коммунизм.). Күдікті э л е м е н т Байтасовты қызметтен босатып, ісін сотқа беруді талап етеді (О.Сәрсенбаев, Таңбалы тас).