ЭЛЕМЕНТАР

lat: ELEMENTAR

с ы н. 1. Бір нәрсенің негізіне ғана қатысы бар, бастапқы. Сондай э л е м е н т а р тербелістердің қосындысын табу жалпы алғанда интегралдық есептеуге жататын мәселе (П.Полатбеков, Оптика). Радиоға жасайтын саяхатымыздың алдында э л е м е н т а р физикада сөз болатын кейбір электр құбылыстарына тоқтала кеткен жөн (О.Сәрсенбаев, Радио.). 2. а у ы с. Әркімге белгілі, ең қарапайым. Олардың бірсыпырасының қазіргі әдебиет туралы э л е м е н т а р түсінігі жоқ, кітапты атына байланысты ғана шамалайды (Ғ.Мұстафин, Ой.).