[лат. elimino] з а т. б и о л. Биоценоздардан дарақтардың, популяциялардың және түрлердің биологиялық, экотоптық немесе биоценоздық түрткіжайттардың әсерінен жойылып кетуі. Э л и м и н а ц и я н ы ң бірнеше түрі болады: нағыз биологиялық элиминация – қартайған түрлердің қауымдастықтан біртіндеп жойылып кетуі; өте төзімді элиминация айналадағы орта факторлары әсерінің төзімділіктен асып ауытқып кетуінің салдарынан (қатты құрғақшылық пен аяз) түрлердің жойылуы; таңдамалы э л и м и н а ц и я – дарақтардың жартысынан көбі айналадағы орта факторларының кенеттен немесе заңды түрлермен өзгеруінің салдарынан түрлердің жойылуы т.б. (Қаз. тілі термин. Экология). 2. к і т. Аластату, шеттету, алып тастау.