ЭЛИТА

lat: ELITA

[франц. еlite] з а т. 1. қ о ғ.-с а я с и. Қоғамның не оның белгілі бір тобының таңдаулы өкілдері, бетке тұтар қалаулылары. Ақ үй Иракта жергілікті саяси э л и т а д а н құралған жаңа үкімет құруға күш салып жатыр (“Жас Алаш”). 2. а у ы л ш а р. Селекция нәтижесінде алынып, одан әрі көбейтуге арналған мал не өсімдіктің ең жақсы, ең таңдаулы тұқымы (түрі). Егер 1961 жылмен салыстырсақ қазір э л и т а рекорд және элита малдарының саны екі есе артқан (Т.Рсаев, Самал). Өсіп-жетілуге бейімділігі күшті және сортының сапасы жақсартылған тұқым өндіру, э л и т а тұқымымен жүзеге асырылады (Агроном. анықтама.).