[франц. emal] з а т. т е х. 1. Металдың процесі бұйымның бетіне электрохимиялық тәсілмен жалатылатын берік шыны қабат. Шойын ваннаның бетін э м а л ь м е н қаптау алты сағатқа созылады (Н.Нұрахметов, Дархан хим.). Оның жемісінен тунг майы алынады, ол лак, бояу, э м а л ь алуға жұмсалады (Т.Таубаев, Жасыл әлем.). Кішкене гимнастеркасының жағасында қызыл э м а л ь жалатқан төрт бұрышты жалғыз кубигі бар (Т.Ахтанов, Шырағың.). 2. а н а т. Тістің сыртқы қатты қабығы. Тістің иектен шығып тұрған басын қатқыл ткань қоршаған, оны э м а л ь дейді (Е.Оразақов, Дәрігер.). Адам организмінің суға ең тапшы мүшесі – тіс э м а л і, оның құрамындағы су 0,2 процент қана («Мәдениет және тұрмыс»).