[лат.emigrans] з а т. Өз отанынан басқа елге өз еркімен немесе күштеп қоныс аударған, эмиграцияда жүрген адам. «Қап, мыналар қуанышымды су сепкендей өшірді-ау... мені бір э м и г р а н т, әйтпесе шпион деп үрікті ме екен?» деп қапаланып бара жатқанымда Орландо кілт тоқтатты (Б.Момышұлы, Шығ.). Эмигранттар Қазақстанда соңғы бірнеше жыл ішінде экономикалық жағынан асып отыр (“Жас Алаш”). «Француз э м и г р а н т ы, жас ғалым Жан Клод белгісіз жарылыстан орталық лабораторияда қаза тапты (Т.Шаханов, Көгілдір.).