[лат. emittere] з а т. қ а р ж ы. Эмиссия жүргізетін мекеме немесе кәсіпорын. Жылдық купон ставкалары – 8 пайыз. Қазіргі уақытта «Тұран әлемБанкі» АҚ Қазақстандағы еурооблигациялардың ең ірі э м и т е н т екен (“Жас Алаш”). Әрбір э м и т е н т тек өзіне рұқсат етілген төлем құралдары мен бағалы қағаздар эмиссиясын ғана жүзеге асыра алады (Қаз. тілі термин. Экономика.).