з а т. 1. Қуат көздерінің қасиеттерін зерттейтін физиканың бір бөлімі. 2. Түрлі қуат күшін өндіру мен оны пайдаланудың жолдарын қарастыратын техниканың саласы. Қалада э н е р г е т и к а ғ а байланысты аса ірі құрылыстар бар (Қ.Тұрсынқұлов, Алыста.). Бағлан былтырдан бері э н е р г е т и к а жайында біраз мағлұмат жинаған (С.Ақтаев, Қапшағай.). Ермак мемлекеттік аудандық электр станциясы тұтас өнеркәсіп комплексі үшін э н е р г е т и к а базасы болмақ («Соц. Қаз.»). Энергетика және коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру; коммуналдық шаруашылық пен э н е р г е т и к а л ы қ кешен саласындағы мақсатты бюджеттік бағдарламалар мен даму бағдарламаларын әзірлеуге және жүзеге асыруға қатысу (“Алматы ақшамы”).