lat: ENSHİ
зат. 1. ауыс. Біреуге тиесілі үлес, сыбаға .
Ат басы алтын берсе табылмаған,
Еншім бар менің сенде алынбаған!
Қобызың емес пе едім қолыңдағы,
Ұмыттың неге мені, жаным бабам? (2,97).
Арпалысып қыстармен, көктемдермен
Ырза болып өмірге көппен көрген.
Еркімізбен ерінбей еңбектеніп,
Еншімізді аламыз төккен терден (3,186).
2. ауыс. Өзі иелік ететін нәрсесі, меншігі .
Тиген менің еншіме, қолым жеткен арманға,
Октябрьдің жұлдызы аспанымнан жанғанда (2,209).
Ей, өлең, маған тиген еншім едің,
Бой жазайын, қасыма келші менің.
Менің саған шамалы жақсылығым,
Сен де маған, әрине, көншімедің (2,76).