ЭПИЗОД

lat: EPIZOD

з а т. [грек.epesodion қыстырма, кірістіру]. 1. Тұрмыстағы бір істің, оқиғаның, жағдайдың жеке бір көрінісі, Біздің күткеніміз ол емес, оның өз басында болған оқиғаларының бір э п и з о д ы н айтқызу еді (Қ.Жұмалиев, Жайсаң жан.). Мен өмірде болған кішкене бір э п и з о д т ы ғана алып, сол қалпында баяндап шықтым (С.Сейітов, Жылдар.). Сол күннің бір э п и з о д ы н облыстық газетке жазғанмын, мынау соның көшірмесі еді (Достық нұры). 2. ә д е б. Көркем шығарма сюжетіндегі өз алдына мәні бар, өзара байланысқан оқиға желісінің бір бөлігі. Әлем әдебиетінің тамаша, үздік туындысы Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясында бір қызық э п и з о д бар (3.Серікқалиев, Ақыл.). Фильмнің драматургиялық желісі бірнеше э п и з о д т а н тұрады десек, әр э п и з о д т ы ң атқарар жүгі, айтар ойы бар («Қаз. әдеб.»). Э п и з о д деген сөзден туындайтын ұғымдардың бірі эпизодтық кейіпкер. Ол шығармада жеке бір оқиғада ғана бой көрсететін жанама кейіпкер (Әдеб. термин. сөздігі).