ЕРІ

lat: ERİ

ет. 1. Жылудың әсерінен қардың сүйық күйге айналуы.

Сәл жылыса, қар дейтін ериді екен, Ағыл-тегіл суарып бақшаларды (2,32).

Алғашқы көбік қар көпси еріп , жердің миы шығып жатыр (4,154).

2. ауыс. Бір нәрсеге сіңіп кету, жоқ болу.

Сағымменен сағым боп еріп барам,

Көңіл сұрар пенде жоқ келіп маған.

Анда-санда көзімді бір ашқанда,

Алатаудың ақ басын көріп қалам (2,164).