ЕРЕКШЕ

lat: EREKSHE

үст. Айрықша, бөлекше, өзгеше.

Сен түзеген Есілдің өңірінде,

Ақ қайыңдар әлі жүр көңілімде.

Ерекше еді ол жердің көлі мүлде,

Ерекше еді сол жердің елі мүлде,

Ерекше орын алып жүр көңілімде (3,18).

Жылқышы қарт ерекше ардақтаған,

(Біледі ғой, қазақ қой мал баптаған).

Өзі келіп үйретіп мінер деген,

Аман келсе майданнан солдат балам (3,154).