lat: ERTEŃ /57/
үст. 1. Бүгіннен кейінгі күн, келесі күн.
Ертең жұрт басқа жылды қарсы алады,
Тамашалап күй тартып, ән салады.
Би билейді жастар да, кәрілер де,
Ұмыт болып жыл бойы шаршағаны
(Би билейді жастар да, кәрілер де,
Ұмыт болып жыл бойы шаршағаны (3,134).
Күн демалыс. Ертең мейрам, жетінші ноябрь (4,145)
. 2. ауыс. Келешек, болашақ.
Өтіп жатыр, өтіп жатыр келте күн,
Не күтемін?! Не береді ертеңім ?!
Апырым-ау, құйттай жанға не керек – Ауа тегін, аспан тегін, жер тегін! (1,227).
Ертеңім жақсы болғай бүгіннен де,
Не рахат таба аламын түңілгеннен.
Ақ таңдарым артымда қалса игі еді,
Ана-жерге бас иіп жүгінгенде,
Алып жотам иіліп бүгілгенде (2,81).