ЕРТЕРЕК

lat: ERTEREK

сын. Мезгілінен бұрын, тезірек, жылдамырақ.

Шырылдама, балапан,

Әулеі жетіл ертерек!

Ұшырар сені көк аспан,

Самғарсың қалқып еркелеп (1,32).

Ажал досым, болсаңшы кешірімді,

Сабыр етші таусайын несібемді.

Басталмаған ісім көп.

Аялдашы!

Қақпашы тым ертерек есігімді (1,90).