ЕСЕ

lat: ESE

зат. 1. Үлес, сыбаға, ақы.

Отырушы ек топтанып,

Берілмеген есеміз.

Су әкеліп, от жағып,

Күйбең-күйбең шешеміз (2,365).

Жай отымды алыппын бәсеңдетіп,

Есім кетіп қалыпты, есем кетіп.

Ақ жаңбырдың нұрына шомыла бер,

Нөсерлетіп алайын, нөсерлетіп (3,186).

2. Бөлік, бөлшек.

Алтын да, алмас та емес жалтылдаған,

Бір сый бар, аға, саған тартылмаған!

Ұрпақтар аңыз етіп айта жүрер,

Сыйдан да он есе артық даңқың маған (1,210).

Сен маған шарфыңды бер, шарфыңды бер,

Сыйыңа сый жасаймын, нарқымды көр,

Қарызыңды мың есе қайтармасам,

Шапалақпен жағымнан тартып жібер (2,241).