lat: ESKİ /36/
сын. 1. Тозығы жеткен, ескерген .
Мөнтай шешей ескі үйіне атым байлап түсемін,
Жарты кесе қатық көже обырлана ішемін (1,312).
Орманға, тоғай, талдарға
Оңаша жалғыз барғанда,
Серігін іздеп жалғаннан
Сұңқылдаса сұр көкек Отырып ескі тамдарда,
Таңданба, оған таңданба! (2,378).
2. Баяғы, бағзы, ертедегі, бұрынғы .
Салынған мың сан сарайлар осыған орнын қиғандай,
Біздің Капитолия күмбезі көкке өрлеген,
Немесе ескі ғимараттар бұл үйге тең келмеген (3,308).
3. Уақыты өткен, көнерген.
Ерітіп ескі өмір тоңдарын
Өртеп бір өткенді зор жалын.
Кім білсін, қос ұлы Волганың, Құттықтап қысысты қолдарын?! (1,112).
Төрт түліктен төгілген шалқар әнді,
Ұзатқан-ды, жайлау да тарқаған-ды.
Ескі жұртты тіміскіп, қорқау әлгі
Қажалап та жүрген-ді қаңқаларды (2,19).
4. Байырғы, сыралғы, сыр мінез .
Көше бойлап әзілдесіп ескі досым екеуміз,
Өткендерді әңгімелеп келе жатыр екенбіз (1,312).
Жастық өтпей тұрмайды,
Қашан оның анты оңған?!
Орамалын бұлғайды,
Ескі таныс балконнан (3,239).
5. Уақыты өткен, көнерген. Босқанда ел-жұрт боздаған,
Ескі әнді, шеше, қозғама!
Елестеп маған өтеді:
Құлазып жатқан боз дала,
Ескі әнді шеше, қозғама! (3,5).
(Жамандық көрмей өстім мен)
Күңіренбе, шеше, ескі үнмен?!
Күңірентпе мына даланы,
Азалы керуен, көш жүрген.
Күңіренсең, шеше, ескі үнмен,
Жетіқат жердің астынан
Бабамның даусы естілген.
Күңіренбе, шеше, ескі үнмен! (3,6).