ЕСКІР

lat: ESKİR

ет. 1. Тозығы жету, көнеру .

Су да тапшы, отын жоқ,

Ескірген кедей қыстауда.

Ысқырып аяз, тұман боп,

Қайтеді боран қысқанда? (1,46).

Күй қалса ғой артында, бұзылмайды,

Ескірмейді , тозбайды, сызылмайды.

Қашанғы қарт жолдасын іздегендей,

Ауық-ауық қос ішек ызыңдайды (1, 298).

2. ауыс. Естен шығу, ұмытылу .

Алғаш қиын, біраз уақыт өткесін бәрі ескіреді , бәрі ұмытылады (4,156).

Сөзге тартпақ болып ек, естімеді,

дам қалай оп-оңай ескіреді ?

Адамның ғұмырынан қысқа не бар,

Күн еңкейсе болғаны, кеш кіреді) (1,290).

3. ауыс. Адам санасының өзгермей, бұрынғы күйінде қалуы .

Өмір сырын ерте келіп, кеш білсе,

Өкінішті, өзіңді-өзің алдайсың.

Өкінішті, егер ойың ескірсе ,

Кітап мейлі, сөрелерде сарғайсын (2,47).