ЕСКЕРУСІЗ

lat: ESKERÝSİZ

сын. Елеусіз, еленбей, назардан тыс .

Бақытты сонау сәби шақ,

Ескерусіз өтіпті-ау!

Тіршіліксіз күн құсап,

Баянсыз жылжып кетіпті-ау! (1,52).

Сүйеуім жоқ, панам жоқ, еш туыс та,

Ескерусіз төбемнен жүрмін тыста.

Саралақаз төбемнен қаңқ етіп ед,

Медеуім деп мұң шақтым ұшқан құсқа (1,53).