ЕСКЕРТКІШ

lat: ESKERTKİSH

зат. 1. Есте ұстау, ұмытпау үшін алған (берген) сый-белгі .

Достарым, есіңде ме сол бір шағың,

Қанат жая өмірге жаралғаның?

Бойға рахат, жанға азық сол өмірден

Бір ескерткіш қалайша ала алмадың (1,69).

Есімде менің, есіңе сен де алып көр,

О күннен қалған ескерткіш бар ма, алып кел.

Ілесіп кеткен, бір өсіп кеткен өзіңмен,

Жастығым қайда, жаз күнің қайда, тауып бер! (1,303).

2. Тарихи тұлғалар мен уақиғаларды естен шығармау үшін жасалған мүсіндік туынды .

Бауырлар моласына табынамын!

Басқадай ескерткішті неғыламын.

Бастарыңда мәңгілік тұрса болды,

Орақ пенен Балғасы шаруаның (1,239).

Ескерткіштер сияқты гүл алаңда,

Бірі малға ұқсайды, бірі адамға.

Ақ тастардың беттері сора-сора,

Сора сора... О, сұмдық, жылаған ба? (1,274).