ЭТЮД

lat: ETÚD

з а т. к і т. 1. к ө р к е м с у р е т. Алдағы уақытта жасалар көлемді шығарманың шағын сурет, картина, мүсін секілді жеке салынған бөлігі. Жұмыстан қолым босаған сағатта, сырт көзден жасырына жүріп, табиғат көрінісін альбомға көшіремін, кейде әжептәуір э т ю д т е р салып үлгеремін (Ә.Сәрсенбаев, Теңіз.). Жұмабек табиғат көрінісінен э т ю д жасап қайтты да, ізін суытпайын деп кезекшінің бөлмесіне барды (Т.Ахтанов, Махаббат.). 2. к ө р к е м с у р е т. Кейбір жеке мәселеге арналған шағын көлемді әдеби шығарма. 3. м у з. Орындаушылық шеберлікті керек етеіін, сондай-ақ жаттығу ретінде жазылған музыкалық шығарма. «Мектеп» баспасы X.Тастановтың «Домбыраға арналған этюдтер мен пьесалар» деген жинағын басып шығарды, оған он э т ю д, төрт пьеса кірген («Қазақст. мұғ.»). 4. Шахмат ойынына құрылған жұмбақ. Совет Одағының шахмат мастерлері есептер мен э т ю д т е р д і құрауда әртүрлі дүниежүзілік конкурстарға қатысып, жақсы нәтижелерге жетуде («Соц. Қаз.»).