з а т. [франц. еtage] 1. Қабат (бір деңгейде орналасқан ғимараттың, бөлменің бөлігі). Маңайындағы биік үйлерден бойы әлдеқайда аласа, не бары екі-ақ э т а ж, астыңғы этажы түгелімен сауда-саттық дүкендері (С.Мұқанов, Аққан жұлдыз). Бірер минуттан соң оның ізімен ішке кіргенде ол екінші э т а ж ғ а бастайтын ағаш баспалдақтың жанында тұрды («Лен. жас»). 2. г е о л. Ылдиланып, еңіс орналасқан кен орнының шахта аумағының бөлігі.