ETTI ҚАТТАМА

lat: ETTI QATTAMA

Қатты қамырды жұқа қабаттап кеспе секілді жаяды, ұзындығы 15 см, ені 10 см лента іспеттес кеседі, одан кейін лентаға шикі ет турамасын 0,5 см қалыңдықпен салады, орама секілді орайды, майланған торға салады да, буға пісіреді. Үстіне қаймақ жағын, тұмшапешке пісіруге болады. Үстелге әкелерде үстіне май жағады.