ЕЗІЛГЕН КАКАО

lat: EZİLGEN KAKAO

какао бұршақтарын қабықтарынан тазалап, қуырып және ұнтақтап алынған өнім. Бұл өнімді сақтау үшін оның температурасы какао майының еру температурасынан жоғары болу керек. Бұл жағдайда өнім, бұршақ құрамындағы қатты заттардың түйіршіктері бір қалыпты араласқан, қоймалжың какао майындай болады. Осы күйін сақтау үшін өнімді үнемі араластырып тұру қажет. Езілген какао жоңқа, ұнтақ және сұйық күйлерінде өндірісте шығарылады. Езілген какао түсі қара-қоңыр, ал қатын қалған кезінде қоңыр болады. Езілген какао 16-180 °С температура аралығында қатты күйге, ал 400°С температурада қоймалжың күйге енеді.