ЭКОЛОГИЯ

lat: Ekologıa

[грек, oikos үй, мекен және логия] з а т. б и о л. 1. Тірі ағзалардың тіршілік ортасымен байланысын зерттейтін биология ғылымының бір саласы. Ақбөкеннің қазбалы қалдықтарын және оның э к о л о г и я с ы н зерттей отырып, олардың бұрынғы тіршілік еткен табиғи жағдайларын теориялық жағынан толық түсіндіруге болады (X.Қадырбаев, Дала.). Тірі организмдердің биосферамен қарым-қатынасын зерттейтін ғылымды э к о л о г и я деп атайды («Лен. жас»). 2. Барлық жанды нәрселердің тіршілік ету табиғаты ортасы мен жалпы ортасы (әдетте олардың нашар жағдайы туралы). Сонымен қатар соңғы он жылдықта қытай экономикасының дамуына едәуір үлес қосқан Ертісаражай арнасының құрылысы Ертіс э к о л о г и я с ы н а айтарлықтай зиян келтіруде (“Жас қазақ”). Маңызды жетістіктерге э к о л о г и я с ы лас аймақтардағы өскен ағаштардың радионуклидтерінің мөлшерін бағалау және бұл ластану қай уақытта болғанын анықтау үшін радиография әдісін зерттеу жатады (“Егемен Қазақстан”). Байқаудың ең басты мақсаты қала мәдениетінің өркендеуі үшін оның бір бөлігі гүлдердің түрін арттыру, тұрғындарға э к о л о г и я жайында ой салу болып табылады (“Алматы ақшамы”).