ЭКСКЛЮЗИВТІ

lat: Eksklúzıvti

<франц. exclusif, ағылш. exclusive> 1. Қайталанбас айрықша, шектеулі дана. Қазақстанда өндірілетін таза алтын қолданылатын қымбат емес топтамалық бұйымдар және бірегей э к с к л ю з и в т і дүниелер бар (“Егемен Қазақстан”). 2. Бір ғана тұлға, ұжымға тиесілі, қайталанбас, бірегей. Қазақстан Республикасы үкіметінің 1996 жылғы 6 қыркүйектегі Й1091 қаулысына сәйкес, «Қазақтелеком» ААҚ Қазақстан Республикасындағы жалпы пайдаланудағы телекоммуникациялардың біртұтас желісінің ұлттық операторы және қалааралық және халықаралық байланыстың э к с к л ю з и в т і операторы болып табылады (“Егемен Қазақстан”).