[лат. expeditio – тәртіпке келтіру, жорық] з а т. 1. Арнайы тапсырма бойынша жорыққа, сапарға шыққан топ. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Білім және ғылым министрлігі мен Мәдениет министрлігіне э к с п е д и ц и я л а р ұйымдастырып, осындай құнды мұраларын жинақтауды тапсырды (“Алматы ақшамы”). Сонымен Бекназар Махановтың өтініші бойынша оның өзін басшы қылып, Тянь-Шанға э к с п е д и ц и я шығару ұйғарылған (А.Мархабаев, Ғарышта.). – Мен ертең екі айлық э к с п е д и ц и я ғ а кетемін, балаңыздың сыры өзіңізге мәлім (Ә.Сәрсенбаев, Бақыт.). 2. ә с к. Маңызды ауданды басып алу, одақтас әскерлерге көмектесу, басқа да саяси-әскери міндеттерді орындау үшін, көбінесе, теңіз (әуе) көлік арқылы жіберілетін бір немесе одақтас бірнеше мемлекеттің қарулы күштерінің бір бөлігі (Қаз. тілі термин. Әскери.).