Эксперименттік оқыту

lat: Eksperımenttik oqytý

п е д. Психологиялықидактикалық мәселелерді зерттеу әдістерінің бірі. Э к с п е р и м е н т т і к о қ ы т у жеке және ұжымдық болып екі түрге бөлінеді (Қаз. тілі термин. Педагогика.). Э к с п е р и м е н т т і к о қ ы т у әдістемесі мынадай негізгі құрамдардан тұрады: 1) оқыту мазмұны мен әдістері алдын ала жоспарланады; 2) эксперименттік оқытудың нәтижесі мен ерекшеліктері нақты және өз уақытында белгіленеді; 3) эксперименттік оқытудың әр түрлі кезеңдерінде зерттелушінің психикалық, даму деңгейімен оқу материалын меңгеру деңгейін арнайы жүйелі тапсырмалардың көмегімен анықтайды (Қаз. тілі термин. Педагогика.).