[лат. еxpositio түсіндіру, түсініктеме беру] з а т. 1. Мұражайлар мен көрмелерге қойылған мұрағаттардың белгілі бір жүйе бойынша орналасқан тәртібі және олардың жиынтығы. Залдың төріне Совет Одағының Батыры В.М.Усов басқарған шекаралық заставаны қорғаушылар туралы э к с п о з и ц и я қойылған («Қазақст. мұғ.»). Э к с п о з и ц и я дәстүрлі түрде «Атакент» көрме орталығының 20 мың текше метр алңында орналасты (“Алматы ақшамы”). 2. ә д е б. Көркем шығармада оқиға дамып-өрістейтін орынды, ортаны, ол оқиғаға қатысатын кейіпкерлерді сипаттап, алғаш оқушыға таныстыру. Э к с п о з и ц и я негізгі оқиға желісінің шиеленісіне тікелей байланысты болмай, соған кіріспе-эпизод ретінде өз алдына оқшаулау тұрады (Әдебиеттану термин. сөздігі).