Электрондық диск

lat: Elektrondyq dısk

и н ф. <electronic disk, virtual disk, RAM disk> 1. Компьютердің негізгі жадының белгілі бір белігінің логикалық түрде келісім бойынша өзінше жаңа аты бар бір дискінің меншігіне берілуі; физикалық дискілер дестесінің өзіндік өзгеше атауы бар белгілі бір логикалық бөлігі. 2. Сырттай қарағанда өзін магниттік диск ретінде көрсететін жедел жадтың ерекше амалмен ұйымдастырылған аймағы. Э л е к т р о н д ы қ д и с к і м е н мәліметтер алмасу жылдамдығы әдеттегімен салыстырғанда әлдеқайда жоғары, сондықтан э л е к т р о н д ы қ д и с к і н і пайдалана отырып, компьютермен жұмыс істеу өнімділігін айтарлықтай арттыруға болады (Қаз. тілі термин. Информатика.). Егер Э л е к т р о н д ы қ д и с к і д е жұмыс істеу процесінде сақтауға керек ақпарат жазылатын болса, онда оны мерзімді түрде магниттік дискіге жазып отыру қажет (Қаз. тілі термин. Информатика.).