Электрондық кесте

lat: Elektrondyq keste

и н ф. Сандармен нөмірленген жолдары мен латын әріптерімен белгіленген бағаналары бар кесте түрінде реттелген ақпаратты өңдеу бағдарламалары. Э л е к т р о н д ы қ к е с т е сондай-ақ бейнеленетін мәліметтер пішімін беруді, мәліметтерді іздестіру мен сұрыптауды, нәтижелерді баспаға шығаруды жасақтайды (Қаз. тілі термин. Информатика.). Сонымен бірге пайдаланушы э л е к т р о н д ы қ к е с т е д е н шықпай-ақ ақпарат алу үшін электрондық кесте алуан түрлі программалық құралдарменыс., мәтіндік процессормен) толықтырыла алады (Қаз. тілі термин. Информатика.).