Эллиптикалық сөйлем

lat: Ellıptıkalyq sóılem

л и н г в. Сөйлемде түсіп қалған мүшенің қандай екені белгілі болып тұратын және оны анықтау, орына келтіру қажет етілмейтін сөйлем. Әдетте ондай мүше баяндауыш болады. Мысалы; жаңа жылдарыңызбен! (құттықтаймын сөзі түсіп қалып тұр) Қош! (болыңыз) Сәлем! (бердік, етеміз) (Б.Қалиев, Тіл білімі терм. түс. сөзд.).