1 [лат. emissio] з а т. қ а р ж ы. Бағалы қағаздар мен қағаз ақшалар шығару ісі. Ресми ақша бірлігін, тиындарын нақыштау тәртібі мен ақша белгілерінің э м и с с и я с ы н ы ң ақша айналымын ұйымдастыру мен реттеуді қамтитын ақша айналымының құқықтық негіздері мен ұйымдастыру нысандары 1993 жылғы 13 желтоқсанда «Қазақстан Республикасындағы ақша жүйесі туралы» Заңмен белгіленген болатын (“Егемен Қазақстан”). Қолма-қол ақша және банк э м и с с и я с ы н эмиссиялық банк (ұлттық, орталық банк) жүзеге асырады (Қаз. тілі термин. Экономика.).