э к о л. Аумақтың эрозияға қарсы ұйымдастырылуы және эрозияға қарсы шараларды жобалау мақсатында, белгілі бір аумақтағы эрозияның түрлерін, эрозиялық процестердің іс жүзіндегі және ықтимал әрекеттерінің қарқындылығын анықтау жөнінде атқарылатын жұмыстар кешені. Топырақты э р о з и я л ы қ з е р т т е у л е р топырақтық және агрохимиялық зерделеу, эрозияға қарсы шараларды жобалау жөніндегі қолданымдағы нұсқаулар негізінде, жұмыстың осы түріне арнап белгіленген нормативтер бойынша жүргізіледі (Қаз. тілі термин. Экология).