Естен шықпас

lat: Esten shyqpas

Естен кетпес, ұмытылмас.

Туған жер, тұлғаң сенің шықпас естен,

Болсам да ойы сараң, үміті өшкен.

Сүйемін, шын сүйемін өлкеңді мен,

Себебі: балапанмын сенен өскен (1,59).

Мен үшін ол естен шықпас, нышан болып кетпекші,

Достық жайлы ойлануға мені мәжбүр етпекші (3,297).