ә с к. 1. Соғыс уақытында аурулар мен жаралыларға арнайы медициналық көмек көрсету үшін, сондай-ақ оларды эвакуациялауға дайындау үшін жабдықталатын медициналық мекемелер тобы. Ұлы Отан соғысы жылдарында э в а к у а ц и я п у н к т т е р і алдына қойылған міндеттеріне қарай дала (жылжымалы дала госпитальдарын біріктіретін), майдандық (емдеу және эвакокөлік мекемелерін қамтитын), жергілікті (денсаулық халкомының эвакуациялық госпитальдарын біріктіретін) және бөлу-жайғастыру э в а к у а ц и я п у н к т т е р і (тылда ел ішінде орналасқан госпитальдар мен эвакокөлік мекемелері кіреді) болып бөлінеді. 2. ә с к. Азаматтық қорғаныс жүйесінде эвакуацияланатын халықты жинайтын орын (Қаз. тілі термин. Әскери.).