ә с к. Жаралылар мен ауруларды көлік келгенге дейін уақытша орналастыруға, қабылдауға, шұғыл медициналық көмек көрсетуге, көлікпен тасуға келмейтіндерді уақытша госпитальдауға арналған медициналық қызмет мекемесі. Э в а к у а ц и я қ а б ы л д а ғ ы ш ы темір жол мен автомобиль жолдары тораптары аудандарына, көліктің бір түрінен екіншісіне ауыстыру пункттерінде орналасады (Қаз. тілі термин. Әскери.).