[лат. еvolutio-ширатылу] 1. з а т. Бір нәрсенің бірте-бірте және үздіксіз, бір қалыптан екінші қалыпқа өзгеру үдерісі, жалпы даму. Адам баласының тарихи даму процесінде сан ұғымы ұзақ э в о л ю ц и я жолынан өтті («Қазақст. мект.»). 2. Бір нәрсенің жетілу, қалыптасу барысында бірте-бірте үздіксіз сандық өзгерістерге ұшырай отырып, сапалық өзгерістерді әзірлейтін даму процесі. Жердің э в о л ю ц и я с ы н д а ғ ы және оның бетіндегі тіршіліктің пайда болуындағы бұл процестер миллиондаған жылдармен есептелетін орасан зор уақыт алды (Жалпы биология). Актер өзі ойнаған кейіпкердің іштей өсуі мен түлеуінің э в о л ю ц и я с ы н шыншылдықпен сатылай, әсте-әсте дамытып отырады (Қ.Уәлиев, Сахна.).