ФАЛЬЦЕТ

lat: Fálset

[итал. falsetto, falso жалған] зат. муз. Әнші даусының (көбіне ерлер даусы) белгілі бір регистрі.

Бұл регистрдегі музыкалық дыбыс кеуде резонаторының қатысынсыз, тек бас резонаторы арқылы шығарылады. “Фальцет” термині алғаш рет 16 ғ-да Италияда қолданыла бастады (ҚҰЭ). 17 ғ-да италиялық шіркеулер хорында фальцетті альт партиясын орындаушыларына жүктеді (ҚҰЭ). 19 ғ-дың басында әншілер (тенор) фальцетті жоғары дыбыстарды айтуға қолданған (ҚҰЭ).